×

Павлодарда қызды кірпішпен соққылаған ер адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 25.08.2022 | 09:35
Фото: polisia.kz

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ-нің ресми ақпараттық порталы хабарлады.

21 тамызда түнде қызға кірпішпен шабуылдаған ер адам Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктінің айтуынша, олқыздың ұялы телефонын тартып алғысы келген.

Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Естеріңізге сала кетсек, 23 тамызда Павлодар қаласының Орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Ол 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде оның денсаулығына кірпішпен зақым келтірген белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама