×

Оралда кәріз құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қайтыс болды

Мамандар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр

 Халық үні 24.08.2022 | 18:50
Halyq Uni

Оралда кәріз құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қайтыс болды. Екеуі де Батыс су арнасы» ЖШС-ның жұмысшы, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Батыс су арнасы» ЖШС бас директорының мәліметінше, оқиға 24 тамыз сағат 10:40 шамасында Исатай-Махамбет көшесіндегі сорғы станциясында болған. D-1000 mm құбыр ысырмасын жөндеу кезінде шахта тез суға толып кеткен. Соның салдарынан «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмды. Қазір тиісті органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Қайтыс болған азаматтың бірі кәріз жүйелері бригадасында 2015 жылдан бері жұмыс істеген, енді бірі биыл қаңтарда жұмысқа кіріскен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем сағат 11.11-де шақырылғанын хабарлады.

2-кәріздік сорғы стансасындағы апат салдарынан Орал қаласының орталық бөлігінде және Зашаған кентінде су жоқ.

2016 жылы шілдеде кәріздік сорғы станциясын жөндеу кезінде де екі жұмысшы қаза болды. Сол кезде еңбек инспекциясының арнайы комиссиясы жұмысшылар жұмыс берушінің кінәсінен қайтыс болған деген шешім шығарған еді.  

Нұрлыбек Рахманов, Батыс Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама