×

Сыртқы істер министрлігі Қаңтар оқиғасын тергеу бойынша HRW ұйымымен диалогты бастады

Бұған дейін Human Rights Watch ұйымы «құқық қорғау органдары бүлік кезінде шектен тыс күш қолданды» деген сауал жолдаған еді

 Халық үні 09.02.2022 | 09:44
фото © Әсет Құндақбаев

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді халықаралық Human Rights Watch үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Кеннет Ротпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы аясында адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Сыртқы істер министрлігі мен Human Rights Watch ұйымының қаңтар оқиғаларын объективті тергеуге мүдделі екені атап өтілді. Мұхтар Тілеуберді қазақстандық тергеу органдары азаматтарымыз бен халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған әрбір нақты жағдайды қарастыруға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша адам құқықтарын сақтау мәселелері жөнінде жұмыс байланыстары мен мазмұнды диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұған дейін Human Rights Watch ұйымы «құқық қорғау органдары бүлік кезінде шектен тыс күш қолданды» деген сауал жолдаған еді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама