×

«Путин тағы бір қатігездік жасайды…». АҚШ барлау қызметі ескерту жасады

Ертең, 24 тамыз – Украинаның тәуелсіздік күні.

 Халық үні 23.08.2022 | 23:54
Фото: censor.net

АҚШ барлауы қызметінің хабарлауынша, Ресей жақында Украинадағы мемлекеттік нысандар мен қоғамдық инфрақұрылымдарға шабуыл жасайды.

Бұл туралы Reuters пен The New York Times америкалық шенеуніктің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ билігі украиндықтар қауіптен сақтансын деген мақсатпен барлау қызметінің мәліметін әдейі таратқан.

Украина бүгін Мемлекеттік байрақ күнін атап өтіп жатыр.

Ертең, 24 тамыз – Украинаның тәуелсіздік күні. Бұның алдында президент Владимир Зеленский мереке күндері Ресей «аса қатыгез әрекетке» баруы мүмкін екенін ескерткен.

Украина қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы да украиндықтарға мереке күндері аса сақ болуға кеңес берді.

Елдің ішкі-сыртында зымыран соққылары және басқа да арандату әрекеттері болуы мүмкін, - деп мәлімдеді барлау басқармасының өкілі Андрей Юсов.

Бұл аптада Киевте көп адам жиналатын шараларға тыйым салынды. Қала полициясы тұрғындарды 23-25 тамыз аралығында әуе дабылына бей-жай қарамауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама