×

Ресейдің оқ-дәрілері таусылып келеді –  АҚШ барлау қызметі

Соғыс басқа кезеңге көшті

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 11:55
фото: ru.oxu.az

АҚШ Барлау қызметі ресейліктердің оқ-дәрілерін таусылуға жақындап қалғанын, сол себепті соғыс басқа кезеңге түскенін айтты.

Бұл туралы «УНИАН» порталы хабарлады.

Ресей басқыншыларының оқ-дәрілері таусылып келеді. Енді Ресей әскері көп шабуыл жасай алмайды. Оның әлеуеті азая бастады, – делінген хабарламада.

АҚШ барлауының шенеунігі Пентагонның жабық брифингінде осылай деп айтты.

Менде оның оқ-дәрілері таусыла бастағанын айғақтайтын деректер өте көп… соның ішінде алыс тылдардағы қоймалардан әкелінген запас оқ-дәрілер жөнінде де мәлімет бар, – деді ол.

Америка барлауының мәліметіне қарағанда, қазір Ресей батальон-тактикалық топтарын біріктіріп жатыр. Ол өз күштерін жинап алу жолындағы сұмдық ауыр кезеңді бастан кешіп отыр.

Сонымен бірге барлау қызметі Украина «соғыстың басқа кезеңіне» көшкенін, бірақ әлі де өзінің «шыңына» шықпағанын, себебі, «екі жақ та бұл соғыстың спринт емес, марафон екенін жақсы сезіне бастады» деген мәлімет таратты.

Қырымдағы жарылыстар да азаймай жатыр. Украин қарулы күштерінің хабарлауынша, олар жақын арада тағы көбейеді. Мысалы, жақында «Бельбек» әскери авиабазасында ірі жарылыстар болды. Сол күні кешке Керчьте қару-жарақ қоймасы көкке ұшты. Дәл сол уақытта Ресейдегі Белгород облысында да өрт шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама