×

Украина жауынгерлері Антонов көпіріне кезекті соққысын жасады

Шабуылдан 15 адам зардап шекті

 Еркеғали Болатұлы 23.08.2022 | 11:20
фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштері Херсон облысында Днепр өзенінің үстінен өтетін Антонов көпіріне тағы да зымыранмен соққы берді.

Ресей тағайындаған жергілікті оккупациялық биліктің мәлімдеуінше, украиналықтар өткелді америкалық «Хаймерс» ракета жүйесімен атқылаған. Шабуылдан 15 адам зардап шекті.

Жалпы, Украина армиясы бұл көпірге шілде-тамыз айларында бірнеше рет шабуыл жасады. Ондағы мақсат – Ресей әскерін арсеналмен, жанармаймен, азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінен айырып, әлсіретіп, берілуге немесе Херсоннан өз еріктерімен кетуге мәжбүр ету.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама