×

«Тұран» жастар командасының ойыншысы бір матчта 7 гол соқты

Қақпаны дәл көздеген футболшы - Бақдәулет Зүлфиқаров

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 10:11
фото: ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасында «Тұран» жастар командасының ойыншысы Бақдәулет Зүлфиқаров «Aqtobe City» клубымен матчта 7 гол соқты.

Бұл кездесу 7:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында 21 жастағы шабуылшысы Бақдәулет Зүлфиқаров барлық голдың авторы атанды.

Ол «Тұранның» негізгі құрамында алаңға үш рет шыққан. Бір рет Қазақстан Премьер-лигасында, екі рет ел кубогында ойнаған.

Өткен маусымда Бақдәулет Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсетіп, төрт матчта бір гол соққан болатын. Қазақстанның бірінші және екінші лигаларында «Академия Оңтүстік» пен «Қыран» командаларында өнер көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама