×

Усик пен Фьюридің жекпе-жегі белгіленді

Кездесу желтоқсан айына жоспарланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.08.2022 | 17:49
фото: vesti.ru

Украиналық боксшы Александр Усик пен ұлыбританиялық Тайсон Фьюридің жекпе-жегі желтоқсан айына жоспарланып отыр. Бұл кездесу 17 желтоқсанда өтуі мүмкін.

Бұл туралы Р-Спорт сайты Daily Mail-ге сілтеме жасай хабарлады.

Кездесу Катардағы футболдан әлем чемпионатының финалына бір күн қалғанда Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. Фьюридің сыйақысы 45-50 миллион фунт стерлинг болады деп күтілуде.

Осы жекпе-жекке байланысты Сауд Арабиясының спорт министрі Мохаммед Абдулазиз ханзада да ойын айтты.

Біз аса ауыр салмақтағы абсолютті титулға таласты өткізуге қызығып отырмыз. Бұл мәселе Эр-Риядта шешіледі, –  деді ол.

Жексенбі күні таңертең Александр Усик төрешілер шешімімен тағы бір ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуаны екінші рет жеңген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама