×

Елімізде Hyundai-дың екі моделінің өндірісі тоқтатылды

Компанияның сервис орталығында «Accent Седан» мен «Creta» кроссоверіне қызмет көрсету жалғаса береді

 Дастан Жұмабекұлы 22.08.2022 | 17:34
фото: astronbuildings.ru

«Hyundai Motor Company Kazakhstan» компаниясы «Accent Седан» мен «Creta» кроссоверінің өндірісін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл екеуі де Алматыдағы зауытта шығарылған болатын.

«Астана моторс» компаниясының хабарлауынша, өндіріс Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының жанама әсерінен уақытша тоқтатылып отыр.

Көктемнен бері Ресейден автокөліктің құрамдас бөліктерін жеткізу қиындап кетті. «Астана моторс» компаниясы «Hyundai Motor Company» компаниясымен басқа елдерден құрамдас бөліктерді жеткізуге шұғыл квота туралы келіссөздер жүргізді. Бүгінде «Hyundai Accent» пен «Creta» өндірісіне қажетті құрамдас бөліктерді одан әрі жеткізудің жаңа жолдары қарастырылып жатыр, –  деп жазылған компанияның хабарламасында.

«Астана Моторс» компаниясы «Accent Седан» мен «Creta» кроссоверінің иелеріне компанияның ресми сервис-орталықтарда қызмет көрсету одан әрі жалғаса беретінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама