×

Тоқаев Түркияның халқына көңіл айтты

Ол Қазақстан халқынан және өз атынан жеделхат жолдады

 Дастан Жұмабекұлы 22.08.2022 | 13:44
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенті Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол апаттарынан көп адамның қайтыс табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

– Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Бұған дейін хабарланғандай, апаттан 19 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алған.

Осының алдында Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Ризе провинциясында туристер мінген автобус аударылып кеткен болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама