×

Бақшасында 24 келі марихуана өсірген алматылық ұсталды

Жасырын «есірткі зертханасы» жойылды

 Наима Нұрәлі 22.08.2022 | 10:38
фото: baq.kz

«Қарасора – 2022» республикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласының Медеу ауданындағы үйлердің бірінде бақшасында есірткі өсірген 57 жастағы азамат ұсталды.

«Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктінің үйінен жалпы салмағы 23 келіден аса марихуана мен  6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама