×

COVID-19 жұқтырғандардың саны айтарлықтай төмендеді

Елімізде 900-ден аса адам аурудан жазылды

 Дәурен Ерболат 22.08.2022 | 09:08
Фото: aa.com.tr

Қазақстанда бір күнде 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың  478 дерегі тіркелді.

  • Нұр-Сұлтанда – 95,
  • Алматыда – 52,
  • Ақмола облысында – 59,
  • Ақтөбе облысында – 16,
  • Алматы облысында – 2,
  • Жетісу облысында – 3,
  • Атырау облысында – 19,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 3,
  • Абай облысында – 4,
  • Жамбыл облысында – 3,
  • Батыс Қазақстан облысында – 35,
  • Қарағанды облысында – 83,
  • Қостанай облысында – 45,
  • Қызылорда облысында – 3,
  • Маңғыстау облысында – 21,
  • Павлодар облысында – 17,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 13,
  • Түркістан облысында – 5.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 384 027 жетті. 

Сондай-ақ 917 адам COVID-19-дан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 18,
  • Алматыда – 129,
  • Алматы облысында – 14,
  • Жетісу облысында – 13,
  • Жамбыл облысында – 377,
  • Батыс Қазақстан облысында – 64,
  • Қарағанды облысында – 196,
  • Ұлытау облысында – 14,
  • Қызылорда облысында – 32,
  • Маңғыстау облысында – 34,
  • Павлодар облысында – 10,
  • Түркістан облысында – 16.

Қазақстанда барлығы 1 349 188 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

22 тамыздағы мәлімет бойынша 21 483 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.

Олардың ішінде 917 пациент стационарда, 20 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 36 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  •  «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
  •  «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама