×

Ресейдегі жантүршігерлік жол апатынан көз жұмған 16 адамның 14-і қай елдің азаматтары екені анықталды

Жол апатынан 2 ресейлік көз жұмған.

 Халық үні 22.08.2022 | 07:22
Фото: naryntany.kz

Ресейдің Ульяновск облысында болған жантүршігерлік жол апатынан 14 қырғызстандық көз жұмған. Бұл туралы Ресейдегі Қырғызстан елшілігі хабарлады, деп жазады Sputnik Кыргызстан

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, жүк көлігі тоқтап тұрған микроавтобусты соққан. Автобус екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 16 адам қаза тапқан, оның 14-і қырғызстандық екені белгілі болды. Үш адам ауруханаға жеткізілді, олардың азаматтығы анықталу үстінде, - делінген хабарламада.

Жол апатынан 2 ресейлік көз жұмған.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жол апатынан көз жұмғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама