×

Елордада өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысты

Оқиға қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді

 Халық үні 21.08.2022 | 23:47
Фото ©Tengrinews.kz

Елордада аралас жекпе-жектен өткен турнир барысында жанкүйерлер өзара қақтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтанда Хабиб Нурмагомедов лигасының турнирінде полицейлер жанкүйерлер арасындағы қақтығысты дер кезінде шешті. Оқиға қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, аталған жекпе-жек турнирінде жерлесіміз Кирилл Геккель төрешілердің шешімімен ресейлік Израиль Гаджиагаевқа есе жіберді.

Сондай-ақ қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов ресейлік Чармигула Сиражудиновтен басым түсіп, жеңіске жетті.

Қазақстандық Әли Қабдолла аталған турнирде тұншықтыру әдісі арқылы ресейлік Валерий Грицутиннен басым түсті. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама