×

Хабиб Нурмагомедов турнирі: қазақстандық Санжар Әділов ресейлік қарсыласын жеңді

Соңында Әділов белсенділік танытып, қарсыласын партерге ауыстырып, үстемдігін танытты.

 Халық үні 21.08.2022 | 19:51
© inform.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов ресейлік Чармигула Сиражудиновтен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз Санжар Әділов жекпе-жекті белсенді бастады. Қарсыласын қысып, тордың ортасын алуға тырысты. Ал, Чармигула Сиражудинов екі рет хайкик ұруға тырысты, бірақ жерлесіміз соққыға дайын болып, алдын ала қамданды. Алғашқы раунд нәтижесінде екпінді соққылар көп болған жоқ. Қарсыластар соққыны ауаға жіберді немесе соққы блокқа кетті. Отандасымыз қимылын үнемі өзгертіп, қарсыластың мүмкіндігін қиындата түсті. Сиражудинов үнемі лоукикиде болды.

Екінші раундта Санжар Әділов жекпе-жекті партерге ауыстырды. Бұған дейін ресейлік қарсылас «ұшатын тізе» әдісі арқылы соққы жасауға бірнеше әрекет жасады. Қарсыластар бір-бірін торға қарай бірнеше рет қысып тастады, бірақ олардан дивидендтер ала алмады.

Үшінші раундта ресейлік белсенділік танытып отандасымызды тор төсенішіне ауыстырды. Осылайша тордағы шайқас жалғаса түсті. Чармигула жерлесімізді торға қысып, аяқтан шала бастады. Әділов болса соққылар арқылы жауап берді. Нәтижесінде төреші екеуін октагонның ортасына қайтарды. Соңында Әділов белсенділік танытып, қарсыласын партерге ауыстырып, үстемдігін танытты.

Айта кетсек, кеше елордада Eagle FC Хабиб Нурмагомедов турнирінің промоушен кездесуі өтті. Хабиб Instagram парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының өзгергенін айтып, бүгін, яғни 21 тамызда «Барыс Аренада» мерейтойлық турнир өтетінін жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама