×

Атырауда түнгі клуб алдында төбелескен қыздар видеоға түсіп қалды

Видеодан бірнеше қыздың жұлысып, бір-бірін ұрғанын көруге болады

 Халық үні 21.08.2022 | 08:20
фото: видеодан скриншот

Атырауда полиция түнгі клуб алдында төбелес шығарған қыздарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлер жағдайды байқап, оқиға орнына жеткен.

Видеода бірнеше қыздың жұлысып, бір-бірін ұрғанын көруге болады.

«Қыздар түнгі клубтың алдында төбелесіп қалған. Оны Атырау полициясының жедел басқару орталығындағы полиция қызметкерлері бейнебақылау мониторында байқап, дереу оқиға орнына бригада жіберген. Полицейлер хаттама жасап, іс сотқа жолданды», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жаппай төбелес болғанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама