×

Үсік, шаңды дауыл, бұршақ, жел... – жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 18:04
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер еліміз бойынша 21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Сонымен, ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде шаңды дауыл тұрып, үсік жүруі, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерінде жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Болжам бойынша, Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман көтеріледі. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы – түнде +4...+6°С, күндіз +19...+21°С.
  • Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +19...+21°С болады.
  • Сондай-ақ Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама