×

Қазақстанда үш ауысымда білім беретін қанша мектеп бар

Жаңа оқу жылында үш ауысымда жұмыс істейтін 24 мектеп екі ауысымға көшеді

 Халық үні 19.08.2022 | 13:26
Коллаж: Халық үні

Қазақстанда 151 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл туралы оқу-ағарту министрілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрліктің хабарлауынша, 2021-2022 оқу жылында республика бойынша 7 385 орта білім беретін мектеп жұмыс істеді. Оның 6 942-і – мемлекеттік, 443-і – жекеменшік мектеп.

Ішінде 151 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Алматы облысында – 56, Атырау облысында – 10, Маңғыстау облысында – 18, Түркістан облысы – 11, Батыс Қазақстан облысында – 10, Ақмола, Павлодар облысы мен Шымкент қаласында үш ауысымда жұмыс істейтін 9 мектептен бар. 

Сондай-ақ жаңа 2022-2023 оқу жылында 24 мектеп екі ауысымда білім беруге көшеді.

«Биыл шамамен үш ауысымда оқытатын мектептердің саны 24 мектепке қысқарып, олардың саны 127-ге дейін азаяды деп жоспарланған», - деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, тамыз конференциясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап үш ауысымдық мектептерді есепке алмағанда, барлық мектеп бес күн жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама