×

Елордада алимент бойынша қарызы бар 97 адам жұмысқа орналасты

Бос орындар жәрмеңкесін қалалық прокуратура ұйымдастырды

 Халық үні 16.08.2022 | 14:13
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда 16 тамызда қалалық прокуратура бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Шараның мақсаты – алимент бойынша қарызы бар жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру. 

Қаладағы 54 кәсіпорын шақырылып, олар 1,5 мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Акцияға 500-ден астам жұмыссыз қатысып, оның 97-сі өздеріне ұсынылған жұмысқа келісті. 

Келесі бос орындар жәрмеңкесінің өтетін күні мен уақытын жұмыспен қамту орталығының телефондары арқылы білуге болады:

+7-700-956-98-35, 
(7172) 24-96-39, 24-96-20

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз, яғни қала бойынша 25 мыңға жуық жұмыссыз азамат бар. Осы көрсеткішті төмендету мақсатында қалада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама