×

Прокуратура Талғарда 3 млрд теңгеге салынған мектепті тексереді

Оқу орны 1 қыркүйек күні пайдалануға беріледі делінген

 Дастан Жұмабекұлы 18.08.2022 | 16:23
фото: Instagram/ kris_p_talgar

Прокуратура Талғардағы мектеп құрылысының сапасын тексеруге кірісті.

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында 1 200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. Құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған. Қазір шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды, –  делінген прокуратураның хабарламасында.

Прокуратура халықты тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен хабардар ететінін айтты.

Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразылық білдірген болатын. Ол кейін 1 қыркүйек күні пайдалануға беріледі делінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама