×

Ресей есту қабілеті нашар адамдар тұрған жатақхананы бомбалады

Соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 7 адам қаза тауып, 18 адам жараланды

 Дастан Жұмабекұлы 18.08.2022 | 14:25
фото: rbc.ua

Ресей әскері Украинаның Харьков қаласындағы жатақхананы бомбалады.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы Олег Синегубов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарылыстан ғимарат түгел қирап қалған. Қазір қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты саны анықталып жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 7 адам қаза тауып, 18 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында екі бала да бар. Бұл жатақханада есту қабілеті нашар адамдар тұрған. Жалпы жатақханада үш мыңнан астам тұрғын өмір сүрген, – деді ол.

Қайғылы оқиғаға Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов та түсініктеме берді.

Тұрғын үйге мұндай соққы беруді ақтауға болмайды. Бұл әскери мақсат емес. Бұл қорқыту, геноцид, нағыз фашизм әрекеті, – деді Игорь Терехов.

Ол сәрсенбі күні жатақханаға шабуыл жасаған Ресей әскерилері украин жауынгерлерімен емес, бейбіт халықпен соғысып жатқандай әсер қалдыратынын, соған қарамай осы соғыста Украинаның міндетті түрде жеңетінін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама