×

Күрес: қазақ балуандары қола жүлдеге таласады

Мәдина Аман пен Алина Ертөстік үшінші орын үшін күш сынасады

 Дастан Жұмабекұлы 18.08.2022 | 11:12
фото: olympic.kz

Болгарияның астанасы София қаласында күрес түрлерінен жастар арасында (U20) өтіп жатқан әлем чемпионатында қыздар арасында белдесулер өтіп, 59 килода сынға түскен Мәдина Аман қола жүлдеге таласатын болды.

Чемпионатты жақсы бастаған Мәдина өкінішке қарай, ширек финалда венгр қызы Виктория Борсосқа бір ғана ұпай айырмашылығымен ұтылды. Мәдина енді Александра Витос (Польша) пен Кэтрин Фризен (Канада) жұбының жеңімпазымен қола жүлдені сарапқа салады.

Сонымен қатар 76 килода белдескен Алматы қаласының намысын қорғайтын Ақтөбе облысының тумасы Алина Ертөстік жұбаныш белдесуінде түрік қызы Мелиса Саритактан айласын асыра алса, венгр балуаны Вероника Никоспен қола жүлдеге таласып көреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама