×

Ауғанстанда намаз кезінде мешіт жарылды

Қайғылы оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

 Дәурен Ерболат 18.08.2022 | 10:00
Фото: AP Photo

Кабулдағы мешітте намыз кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Al Jazeera.

Оқыс оқиға 17 тамызда Хайр-Хан ауданындағы мешітте болған. Жарылыс болардың алдында адамдар намаз оқып жатқан. Апаттан жақын маңдағы ғимараттардың әйнегі сынған.

Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 30-ға жуық адам зардап шегіп, 3 адам көз жұмған. Оның ішінде мешіттің имамы да бар.

Зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Бүгінде құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнында барлау топтары жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама