×

Коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

23 мыңнан аса науқас аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 18.08.2022 | 09:02
Фото: aa.com.tr

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны тағы артты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1169 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 210,
  • Алматыда – 95,
  • Шымкентте – 11,
  • Ақмола облысында – 87,
  • Ақтөбе облысында – 57,
  • Алматы облысында – 10,
  • Жетісу облысында – 22,
  • Атырау облысында – 44,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 28,
  • Абай облысында – 18,
  • Жамбыл облысында – 20,
  • Батыс Қазақстан облысында – 120,
  • Қарағанды облысында – 133,
  • Ұлытау облысында – 42,
  • Қостанай облысында – 72,
  • Қызылорда облысында – 10,
  • Маңғыстау облысында – 29,
  • Павлодар облысында – 85,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 69,
  • Түркістан облысында – 7.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 380 960 жетті. 

Сондай-ақ 1227 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 412,
  • Алматыда – 119,
  • Алматы облысында – 54,
  • Жетісу облысында – 124,
  • Абай облысында – 88,
  • Батыс Қазақстан облысында – 4,
  • Қарағанды облысында – 327,
  • Ұлытау облысында – 2,
  • Қызылорда облысында – 27,
  • Маңғыстау облысында – 39,
  • Павлодар облысында – 14,
  • Түркістан облысында – 17.

Елімізде барлығы 1 345 689 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

14 тамыздағы мәлімет бойынша 23 279 адам коронавирустан емделуде.

«Оның ішінде 1 185 пациент стационарда, 22 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 26 адамның жағдайы ауыр, 9 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

  • «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңір жоқ.
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше елімізде 1104 адамнан СOVID-19 анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама