×

Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады?

Қазақстандықтар мемлекеттік мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады

 Халық үні 18.08.2022 | 06:33
Фото: azh.kz

30 тамызда елімізде Конституция күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай қазақстандықтар тамыз айының соңында қатарынан үш күн демалады. Тиісті ақпарат "Электронды үкімет" ресми порталында жарияланды. 

Биыл 30 тамыз, Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді.

Қазақстандықтардың үш күн қатарынан демалуы үшін мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, 27 тамыздағы демалыс күні дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырылды.

Осылайша, қазақстандықтар мемлекеттік мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.

Еске сала кетейік, еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірі мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік іс-шаралар мен концерттер өтеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама