×

Дене шынықтыру сабағы: жаңа оқу жылында қандай өзгерістер енгізілетіні белгілі болды

Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес бір сыныптың барлық оқушысы дене шынықтыру сабағын, сондай-ақ басқа да пәндерді бірге оқиды.

 Халық үні 17.08.2022 | 23:33
Фото: exk.kz

Жаңа оқу жылында мектепте дене шынықтыру пәні бойынша бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Мектепге дейінгі және орта білім комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушыларына аптасына 3 сағат дене шынықтыру сабағын өткізіледі. Өткен жылдары да осылай болған. Яғни, дене шынықтыру сабақтарының саны бойынша ештеңе өзгермейді.

Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес бір сыныптың барлық оқушысы дене шынықтыру сабағын, сондай-ақ басқа да пәндерді бірге оқиды.Бұл ретте мектеп бағдарламаларында қыздар мен ұлдардың дене шынықтыру жаттығуларының жекелеген нормативтері бар, олар сабақта міндетті түрде сақталуы тиіс. Яғни мұғалім сыныпты гендерлік принцип бойынша топтарға бөле алады. Мысалы, сабақта қыздар мен ұлдар топқа бөлінеді, ал мұғалім әр топқа жеке жаттығулар береді. Мұндай әдістемелік тәсілдерді сараланған әдісті қолдану қажет болған кезде басқа пән мұғалімдері де пайдаланады, -делінген хабарламада.

2021 жылдан бастап балаларға мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке ұйымдардағы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға қосымша мүмкіндік берілген. Демек балалар дене шынықтыру сабақтарында, сондай-ақ кесте бойынша спорт секцияларында аптасына 3 рет дене шынықтырумен айналысады.

2021 жылдан бастап енгізілген тағы бір жаңалық – дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 3 сағаттық спорт секциясын өткізгені үшін жалақысына қосымша 100% төлем төлене бастады. Бұл секцияларға да оқушылар қатысады. Мұның бәрі оқу жоспарының шамадан тыс жүктемесін болдырмай, балалар арасында бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама