×

Әйелін балаларының көзінше өлтірген түркістандыққа сот үкімі шықты

Марқұмның әпкесі сот үкіміне қанағаттанбай отыр

Halyq Uni / Nazerke Ukibasova

Түркістан облысында әйелін балаларының көзінше өлтірген түркістандыққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Айта кетейік, 2022 жылдың сәуірінде Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тұрғыны Абибулла Мамешов әйелін балаларының көзінше өлтіргені белгілі болды.

Түркістан облысының полициясы оқиғаның түнгі екі шамасында болғанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («адам өлтіру») бойынша іс қозғалды.

Марқұм 38 жаста болған, артында төрт баласы қалды. Қазір балалар әжесінің қолында қалды.

Қылмыстық іске байланысты тергеу төрт айға жалғасты. Соттағы соңғы сөзінде күдікті өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Прокурор сотта күдіктіні 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танылды. Оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтесін, – делінген сот үкімінде.

Сот үкім шығару барысында судья күдіктінің кәмелетке толмаған 3 жас баласы бар екенін, зейнет жасындағы ата-анасы бар екенін назарға алды. Сондай-ақ қылмысты есірткіге масаң күйде жасағаны назарға алынып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу мерзімі 2022 жылдың 29 сәуірінен бастап есептеледі.

Ал марқұмның әпкесі Бақыт Саймасаева сот үкіміне қанағаттанбайтынын айтты. Оның сөзінше, марқұмның күйеуі аса қауіпті адам, оны 20 жылдан көп уақытқа бас бостандығынан айыру қажет деп санайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама