×

Екібастұздың жаңа әкімі тағайындалды

Аян Бейсекин –  Павлодар облысының тумасы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 17:10
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз активі алдында қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін Ертіс ауданының әкімі болған Аян Бейсекин тағайындалды.

Аян Бейсекин –  Павлодар облысының тумасы. Ол өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Бұған дейін Павлодар қаласы мен Железин ауданы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік жүйесі мен жеке меншік секторда жұмыс істеген.

Аян Бейсекин – президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша бітіріп, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама