×

Бауыржан Исламхан Еуропадан шақырту алды

Биыл оның допингке байланысты жаза мерзімі бітеді

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 14:26
фото: ашық дереккөз

Бауыржан Исламхан карьерасын болгариялық «Левски» клубының құрамында жалғастыруы мүмкін.

Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.

Оған «Левски» командасына келу туралы ұсынысты София клубының жаттықтырушысы  Станимир Стойлов айтқан екен. Ол Бауыржанды Қазақстан құрамасынан бері жақсы таниды. Стойлов «Астананы» жаттықтырған кезде Исламхан астаналықтардың басты қарсыласы «Қайратта» ойнаған. 

Бауыржан Исламхан 2020 жылы допинг үшін футболдан екі жылға шеттелген еді. Биыл оның жаза мерзімі аяқталады. Содан кейін ол жасыл алаңға қайтып оралады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама