×

Алматылық әйел үш баласымен бірге тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кетті

Анасы мен екі баласы оқиға орнында, тағы бір баласы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

 Халық үні 22.11.2021 | 14:08
көрнекі фото: Halyq Uni

Алматы қаласы, Жетісу шағын ауданыдағы көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел үш баласымен бірге (2015, 2016 және 2019 жылы туған) 9 қабаттан секірген.

Әйел мен оның екі баласы оқиға орнында қайтыс болған. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Қазір қайғылы оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел-тергеу тобы құрылды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Куәгерлердің айтуынша, жас ана алдымен балаларды терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Жас келіншек осы үйде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрған.

Ол үнемі балалармен аулада серуендеп жүретін. Оның екі қызы мен бір ұлы болды. Кенжесі үш жаста еді. Қарапайым отбасы сияқты көрінетін, - дейді қайғылы оқиға болған үйдің тұрғыны.

Алматы қалалық Полиция департаменті қайғылы оқиғанын алдын-ала себебі анықталғанын хабарлады. Жұбайлар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал болған. Келіншек өлім алдында хат қалдырып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама