×

V Исламиада: қазақстандық ауыр атлет чемпион атанды

А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты.

 Халық үні 16.08.2022 | 00:43
Фото: dknews.kz

Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 кг, жұлқа көтеруден 147 кг, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша Қазақстан үшін Ислам ойындарында ауыр атлетикадан жарыс аяқталды. Ауыр атлеттеріміз ел қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды.

Бұған дейін V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан 16 алтын жүлде жеңіп алып, бесінші орында келе жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама