×

«Қазақстандағы мектептерде орыс тілді сыныптар жабылады»: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді

Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды

 Халық үні 15.08.2022 | 21:55
© Sputnik

Әлеуметтік желіде Қазақстанда 6-7 жыл ішінде мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.kz.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ, – деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Желідегі ақпаратқа екі жыл бұрын «31-арнада» жарияланған «Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?» материалы негіз болған. Онда елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірі ұсынылып, орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланды. Сондай-ақ орыс тілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болды.

Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды. Сонымен қатар сюжетте Білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толы және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеді. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жариялануда, – деп түсіндірді «31 арна» өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама