×

ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала табылды

Осыған дейін оның аутист екені, сөйлемейтіні, эпилепсиямен ауыратыны айтылды

 Динара Амантай 15.08.2022 | 18:05
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы бала табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Іздестіру шаралары барысында ТМК көпірінің маңында, жоғалған бала шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Кейін ол ата-анасына тапсырылады, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін оны 500-ге жуық адам іздесітіріп жатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама