×

Зеленский қолбасшыларды ауыстырып жатыр

Ол бірқатар өңірдегі УҚК басқарма басшыларын қызметінен босатты

 Дастан Жұмабекұлы 15.08.2022 | 17:55
фото: ашық дереккөз

Владимир Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметінің үш облыстағы басқарма басшыларын қызметінен босатты.

Бұл туралы Украина президентінің ресми сайтына хабарлады.

Ол Сергей Заяцты Украина Қауіпсіздік қызметінің Киев және Киев облысы бойынша бас басқармасы бастығы қызметінен босатты.

Сергей Заяцтың орнына бұған дейін Львов облысы бойынша УҚК басқарма басшысы болған Артем Бондаренко тағайындалды.

Сондай-ақ, Зеленский Юрий Борейчукты Тернополь облысындағы УҚК басқарма басшысы қызметінен шеттетті.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Руслан Демченконы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама