×

Атырау облысында 11 жасар қыз суға батып кетті

Баланы іздеуге 25-тей адам қатысты

 Халық үні 14.08.2022 | 14:57
Фото: ашық дереккөздерден

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының шетіндегі Шароновка өзеніне 11 жасар қыз батып кетті, деп хабарлайды  "Мой город".

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

Оқиға 13 тамыз сағат 13.50 кезінде болған.

«Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының маңында 2011 жылы туған қыз Шароновка өзеніне батып кетті. Оны сағат 15.40-тан бастап 25 адам іздеді. Сағат 23:00-де іздеу жұмыстары таңға дейін тоқтатылды. 14 тамызда сағат 8:45-те жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып алып, судан шығарды», –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама