×

Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдау жоспарда жоқ - Энергетика министрі

Мұндай мәселелер ұлттық компаниялар деңгейінде қарастырылады

 Халық үні 13.08.2022 | 15:14
Фото: ашық дереккөздерден

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстаннан Әзербайжан Республикасы арқылы мұнай тасымалдау жоспарланып отырған жоқ, деп хабарлайды  Halyq Uni.

Министрдің пікірінше, ұлттық компаниялар арасында мұндай мәселені талқылауы мүмкін. Бірақ Энергетика министрлігінде дәл осындай келісімге қол қою мәселесі жоспарланбаған.

Мұндай ақпаратты оқыдым. Бірақ мұндай мәселелер техникалық тұрғыдан ұлттық компаниялар деңгейінде қарастырылып, талқыланатынын айтқым келеді. Өйткені талап сондай. Мәселе қыркүйек айында мұнай жөнелту жөніндегі келісімге қол қою туралы болып отырған жоқ, – деп мәлім етті Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, бұл экспорт мәселесін шешуге көмектеспейді. 

«Ақпараттық ресурста айтылып жатқан көлеммен біздің экспорттық бағыттағы проблеманы шешу ақылға сыймайды. Неге? Өйткені, біріншіден, аталған бағытпен 1,5 млн тонна мұнайды экспорттау қазіргі ахуалды айтарлықтай жеңілдетпейді. Екіншіден, біздің министрлікте дәл мұндай келісімге қол қою жоспары жоқ», - деді министр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама