×

Сарайынан 11 бума құпия құжат тәркіленген Трамп түрмеге отыруы мүмкін

Құжаттар арасында Франция президентіне қатысты маңызды ақпарат болған

 Еркеғали Болатұлы 13.08.2022 | 13:44
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы экс-президент Дональд Трамптан 11 бума құпия құжат тәркіледі деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігінің өкілдері мәлімдеген. Тінту жұмысы Трамптың Флорида штатындағы сарайында жүргізілген. Бұған тыңшылық туралы күдіктің туындауы себеп болған.

Жалпы, агенттер 20-дан астам қорап, суреттер салынған папкалар, қолжазба мен экс-президенттің кеңесшісі Роджер Стоунға рақымшылық жасау туралы қағаздарды тапқан. Сондай-ақ құжаттар арасында Франция президентіне қатысты маңызды ақпарат болған.

Егер АҚШ-тың 45-президенті тыңшылық жасады деп айыпталса, онда ол түрмеге отыруы немесе ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама