×

Назарбаевтың күйеубаласы қызметтен кетті

Ұлттық баскетбол федерациясына жаңа басшы келді

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 17:10
фото: nbf.kz

Ұлттық баскетбол федерациясына жаңа басшы келді.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, өңірлік федерациялардың басшылары мен ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты. 

Федерацияның хабаралуынша, конференцияда барлық қатысушылардың бірауыздан шешімімен Ұлттық баскетбол федерациясының жаңа басшысы болып Абай Алпамысов тағайындалды. Ол өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді.

Қыркүйек айының соңына қарай кешенді бағдарлама әзірлейміз. Онда өңірлік, 3х3 командалардың, құрама проблемаларын шешу жолдары, клубтарды қолдау қамтылады. Бұл жолдан жалғыз өту мүмкін емес. Сондықтан сіздердің қолдауларыңызға сенемін, –  деді А.Алпамысов.

2017 жылдан бастап биылғы жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық баскетбол федерациясының басшысы қызметін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Димаш Досанов атқарған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама