×

«Қайраттың» ойыншысы блогерлердің командасына ауысты

Ол ағзасынан допинг табылғаннан кейін кәсіпқой футболдан төрт жылға шеттетілді

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 16:26
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

«Қайраттың» футбол клубының ойыншысы Айбол Әбікен блогерлердің «SD Family» командасына ауысты. Қазір оның жаңа клубы Қазақстан чемпионатының 2-лигасында ойнап жатыр.

Бұл туралы «Қайрат» клубының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан былай Айбол Әбікен блогерлердің «SD Family» әуесқойлар командасында ойнайды, – делінген хабарламада.

Ол 13 тамызда әуесқойлар жасағының жейдесінде алаңға шығады. Осы күні Айболдың командасы «Астана Арена» стадионында «STARMIX» клубымен ойнайды.  

Айбол Әбікен – «Қайрат» клубының түлегі, Қазақстанның ұлттық құрама командасының ойыншысы, Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері және ел чемпионы болған футболист. Ол допинг сынамасын тапсырғанда ағзасынан милдронат табылған еді. Соның кесірінен жартылай қорғаушы кәсіпқой футболдан төрт жылға шеттетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама