×

Ауылдар мен моноқалаларда кәсіпкерлерді несиелендіруге 40 млрд теңге бөлінді

Несиелендіру операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

 Динара Амантай 12.08.2022 | 15:48
Фото: abai.kz

Ауыл мен шағын қалалардың тұрғындары АӨК саласындағы жобаларға шағын несиелер алуға мүмкіндік беретін Қаулыға қол қойылды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық сайты хабарлады.

Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларының тұрғындары агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іске асыруға шағын несиелер ала алады. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің «2022 жылға арналған ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге несие берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» тиісті қаулысына қол қойды, – делінген хабарламада.

Қаулы кәсіпкерлік бастаманы дамыту және экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту үшін жағдай жасау арқылы ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде қабылданды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оны іске асыруға 40 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты көзделген, қаржы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды микрокредиттеуге бағытталатын болады.

Несиелендіру операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Бюджеттік несиелердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама