×

Путинцева Торонто турнирінің төртінші айналымына шықты

Енді ол ширек финалда әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 09:41
фото: ktf.kz

Юлия Путинцева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискпен кездесіп, жеңіске жетті. Ол бірінші партияда қарсыласын 6:3, екінші сетте 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді ұтып, 7:5 есебімен жеңді.

Енді Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Джессика Пегуламен күш сынасады. Ол үшінші айналымда жарыстың былтырғы чемпионы, әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиді жеңген болатын. Бұл ойындағы есеп 3:6, 6:0, 7:5 болып аяқталды.

Юлия жұптық сында да жақсы өнер көрсетуде. Ол америкалық Софья Кенинмен бірге доданың алтыншы ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – украиналық Людмила Киченокты 1:6, 6:1, 10:4 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама