×

Алматы облысындағы сарбаз өлімі: туыстары жауаптыларды жазаға тартуды талап етті

Қаруластарын құтқарамын деп жүргенде жас жігіттің басына темір құрастырма құлап, ауруханада қайтыс болды.

 Халық үні 12.08.2022 | 06:33
фото: polisia.kz

Әскерге көктемде ғана кеткен Алмас Шахимовты 11 тамызда туыстары жер қойнына тапсырды. Айтуларынша, 19 жастағы жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге өзі сұранып кеткен, деп хабарлайды  КТК арнасы.

Алмас үйінің жалғыз ұлы болған. Отан алдындағы борышын өтегенге дейін құтқарушы мамандығын бітірген.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға келген қаруластары мен әскери бөлім командирі Алмастың көзсіз ерлігі жайлы баяндап берді. Қаруластарын құтқарамын деп жүргенде жас жігіттің басына темір құрастырма құлап, ауруханада қайтыс болды. Алмас Шахимов мемлекеттік наградаға ұсынылған. Әйтсе де, сарбаздың ажалына жауаптылар болуы тиіс деп еептейді туыстары. 

Әскерге ешкім шақырған жоқ. Өзі әскерге барам деп кеткен.  Өз аяғын басып кетіп еді. Өлтіріп, табытқа салып алып келді.Бұл әскерде тәртіптің жоқтығы. Палатқа құлағанда ішінде балалар айғайлады деді. Балалар айғайлағанда қалып қойған. Соған командир кірмей, неге сарбаз кіреді?, – деді марқұмның әжесі Гүлмайда Туғамбаева. 

Бұған дейін Алматы облысында Ұлттық ұланның әскери қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама