×

«Шақалақтың денесі он күн мәйітханада жатқан»: Атырауда жүкті әйелдің өлімі бойынша тергеу басталды

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды.

 Халық үні 11.08.2022 | 23:54
Фото: yandex.kz

Атырауда ауруханада көз жұмған жүкті әйелдің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады..

1990 жылғы жүкті әйелдің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, Атырау ауруханасында жүктіліктің 17-аптасын өткерген әйел түсік тастап, қайтыс болған. 17 апталық шақалақтың мәйіті он күннен бері мәйітханада жатқан. Шақалақтың қайтыс болғаны туралы әйелдің күйеуіне де, туыстарына да ешкім хабарламаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама