×

«Шақалақтың денесі 10 күннен бері мәйітханада жатқан»: Атырау ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

Шақалақтың қайтыс болғаны туралы әйелдің күйеуіне де, туыстарына да ешкім хабарламаған

 Халық үні 10.08.2022 | 22:19
фото: inform.kz

Атырау ауруханасында жүкті әйел қайтыс болған. Жүктіліктің 17-аптасын өткерген әйел түсік тастаған. Бұл туралы жергілікті қоғам белсендісі Нұрлан Жунасов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мына адамның әйелі қайтыс болды. Күйеуі баласының 10 күннен бері мәйітханада жатқанын неге бүгін білген? Арызы осы кезге дейін неге қабылданбайды?» -деп жазды ол. 

Күйеуінің айтуынша, жүкті әйелі ауруханаға түскен. Алайда, оны бір күннен соң шығарып жіберген.

«Әйелім үйге келген соң жағдайы нашарлап, қан құсты. Ауруханаға жатқаннан кейін көз жұмды», дейді күйеуі.

Ал 17 апталық шақалақтың мәйіті он күннен бері мәйітханада жатқан. Шақалақтың қайтыс болғаны туралы әйелдің күйеуіне де, туыстарына да ешкім хабарламаған.

Бұл жөнінде әйелдің туыстары қайтыс болғаны жөнінде анықтама алуға келгенде білген. Қайтыс болған әйел үш жыл бұрын күйеуге шыққан. Оның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған.

Осы дерекке байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әзірге түсінік берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама