×

Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын ұтты

Испан теннисшісі екінші сетте ойынды жалғастырудан бас тартты

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 10:21
фото: ашық дереккөз

Теннисші Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің екінші айналымында әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаны ұтты.

Испан теннисшісі Путинцевадан 5:7, 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда екінші сетте ойынды әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Енді отандасымыз үшінші айналымда америкалық Элисон Рискпен кездеседі.

Бұған дейін қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған канадалық Кэтрин Себовпен кездесіп, оны 6:3, 6:2 және 7:5 есебімен жеңген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама