×

Қазақстанда бір күнде 1700-ге жуық адамнан коронавирус табылды

25 мыңнан аса науқас аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 11.08.2022 | 09:03
Фото: РИА Новости

Елімізде бір күнде 1700-ге жуық адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1651 жағдайы тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 370,
  • Алматыда – 185,
  • Шымкентте – 16,
  • Ақмола облысында – 109,
  • Ақтөбе облысында – 82,
  • Алматы облысында – 16,
  • Жетісу облысында – 53,
  • Атырау облысында – 48,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 29,
  • Абай облысында – 26,
  • Жамбыл облысында – 33,
  • Батыс Қазақстан облысында – 118,
  • Қарағанды облысында – 191,
  • Ұлытау облысында – 37,
  • Қостанай облысында – 89,
  • Қызылорда облысында – 22,
  • Маңғыстау облысында – 34,
  • Павлодар облысында – 105,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 78,
  • Түркістан облысында – 10.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 372 634 жетті. 

Сондай-ақ 2458 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 1143,
  • Алматыда – 503,
  • Ақтөбе облысында – 69,
  • Алматы облысында – 50,
  • Жетісу облысында – 125,
  • Атырау облысында – 16,
  • Батыс Қазақстан облысында – 12,
  • Қарағанды облысында – 367,
  • Ұлытау облысында – 11,
  • Қостанай облысында – 40,
  • Қызылорда облысында – 74,
  • Маңғыстау облысында – 25,
  • Павлодар облысында – 23.

Елімізде барлығы 1 334 270 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

11 тамыздағы мәлімет бойынша 25 026 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.

Оның ішінде 1 242 пациент стационарда, 24 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 38 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ.
  •  «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама