×

Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды жарлыққа қол қойды

Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

 Халық үні 10.08.2022 | 20:54
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлыққа толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу», делінген Жарлық мәтінінде.

Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алдында толықтырулар енгізілген Жарлық жобасын ҚР ҰЭМ әзірлеген болатын.

Мораторий бойынша, жекелеген тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындай алмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама