×

Шахмат: Қазақстан қыздары Олимпиадада бестікке кірді

Құрама 162 елдің арасында 5-орын алды

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 18:02
фото: ашық дереккөз

Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орын алды.

Олимпиаданың соңғы күні Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жеңіске жетті. Ал Ксения Балабаева тең ойнаса, Гүлісхан Нахбаева қарсыласына есе жіберді. Қазақстан шахматшылары Үндістанда болған ала тақтадағы айқаста сегіз рет жеңіп, бір тең ойнап, екі рет жеңілді.

Олимпиада алтын жүлдесін Украина құрамасы жеңіп алды. Юлия Осьмак, Анна Ушенина, Анна Музычук, Мария Музычук пен Наталья Буксы бар Украина командасы жеті рет жеңіске жетіп, төрт рет тең ойнады. Олар бірде-бір рет жеңілмеді.

Қазақстан құрамасында да Бибісара Асаубаева ойындардың бәрінде жеңілген жоқ. Ол тіпті, басқалары бір-екі күн демалыс алғанда демалыссыз ойнады.

Ерлер жарысында Өзбекстан құрамасы Олимпиада чемпионы атанды. Қазақстанның ерлер командасы 188 мемлекеттің өкілдері арасында 17 орынға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама