×

Қазақстанның еті Сауд Арабиясына сатылады

Онымен 5 ет өңдеу кәсіпорны айналысады

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 16:58
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты келісімнің нәтижесінде еліміздің 5 ет өңдеу кәсіпорны араб мемлекетіне қой еті мен сиыр етін сататын болды.

Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама