×

Қазақстандық Рыбакина мен Путинцева кезекті турнирді жеңіспен бастады

Ал Қазақстан ерлер құрамасының лидері Александр Бублик бірінші айналымда ұтылды

 Еркеғали Болатұлы 09.08.2022 | 15:43
фото: ашық дереккөз

Әлемнің 27-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Торонтодағы «Мастерс» турнирінде WTA рейтингісінде 47-сатыда тұрған чех Мария Бузкованы 7:5, 6:7 (3), 6:1 есебімен жеңді.

Кездесу 3 сағаттан аса уақытқа созылды. Қазақстандық жеке кездесулерде басымдылықты нығайтты. Есеп – 3:0.

Сайыстың екінші кезеңінде Рыбакина Кори Гоффпен немесе Мэдисон Бренглмен ойнайды.

Сондай-ақ әлемдік рейтингте 46-орында тұрған тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева канадалық Кэтрин Себовты (299 WTA) 3:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Келесі айналымда ол испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Ал Қазақстан ерлер құрамасының лидері Александр Бублик бірінші айналымда әлемнің 46-ракеткасы, америкалық Дженсон Бруксбиден екі сетте ұтылды. Есеп – 2:6, 3:6.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама